Жаңалықтар
Парламент мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 кандидат сайланды
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.
Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны — 351 адам. Мәжіліс депутаты кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов — 298, Аветик Амирханян — 270, Ильяс Буларов — 274, Наталья Дементьева — 292, Юрий Ли — 282, Вакиль Набиев — 285, Шамиль Осин — 271, Владимир Тохтасунов — 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.
Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты Парламент Мәжілісіне өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
ҚХА сайтынан алынды.